Қарағанды облысында 2025 жылдың үздік тауарлары таңдалады

Қарағанды облысында 2025 жылдың үздік тауарлары таңдалады

Қарағанды облысында не өндірілетінін білгіңіз келе ме? Онда 19 қыркүйек күні сағат 10:00-де Тәттімбет көшесі, 709 мекенжайындағы Мемлекеттік және сервистік қызметтер орталығына келіңіз! Мұнда «Қазақстанның үздік тауары – 2025» аймақтық көрме-байқауының қорытындысы өтеді.  Өңір бойынша 70 кәсіпорын ақтық сайысқа өтіп, олардың өнімдерін тәуелсіз сарапшылар зерттеді.

Кіру тегін. Көрмеде ұнаған тауарларды сатып алуға болады. Қонақтар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Көрме-байқау жыл сайын отандық тауар өндірушілерді қолдау, жергілікті өнімдерді ілгерілету және ШОБ-ты дамыту мақсатында өткізіледі.

Финалистер үш номинация бойынша жеңіс үшін бақ сынасады: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Әр номинация бойынша үш жеңімпаз анықталады. Тоғыз компания республикалық байқауға жолдама алады, онда ел бойынша үздік тауарлар таңдалады.

Байқау номинацияларынан бөлек, Қарағанды облысының әкімі сапа саласындағы жетістіктері үшін арнайы сыйлық табыстайды.

«Қазақстанның үздік тауары» ұлттық байқауы 2006 жылдан бері өткізіліп келеді.