Қарағанды тұрғындары қазақ және ағылшын тілдерін тегін оқи алады. Сабақтарды тіл орталығы «Шырақтың» тәжірибелі оқытушылары жүргізеді.
Барлық қалаушыларға арналған тегін тіл курстары – Жастар ресурстық орталығы мен «Шырақ» тіл орталығының бірлескен жобасы. Қазақ және ағылшын тілдерін үйренуге жасы шектеусіз барлық азаматтар шақырылады. Бағдарлама тіл үйренуді жаңа бастағандарға арналады.
– Біз курсқа қатысушыларды жас ерекшелігі бойынша шектемейміз. Мақсатымыз – мемлекеттік тілді де, ағылшын тілін де үйренуге қажетті құралдар беру. Оқытуды қолжетімді әрі сапалы етуге тырысамыз, – дейді Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Якуб Джамалов.
Бір топтағы ең көп қатысушы саны – 20 адам. Егер өтініш көп түссе, ұйымдастырушылар бірнеше топ ашу мүмкіндігін қарастырады.
Сабақтар аптасына үш рет: дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 18:30-да, Жастар ресурстық орталығы базасында (Тәттімбет көшесі, 709) өтеді.
Демалыс күндері барлық қалаушылар үшін сөйлесу клубтары ұйымдастырылады. Сабақтар 15 қыркүйекте басталады.
Курстарға мына сілтеме арқылы тіркелуге болады:
https://docs.google.com/forms/d/e/.