Теміртауда металлургтер комбинаттың 80 жылдық тарихында алғаш рет газдандырудың ауқымды жобасының алғашқы кезеңін аяқтауда. Табиғи газ домна пеші №2-ге сәтті жеткізілді. Жаңа технологиялар өндірістің тиімділігін арттырып қана қоймай, экологияның жақсаруына да ықпал етпек.
Қазіргі уақытта мамандар газ қабылдау мен оның шығынын ұлғайтуды оңтайландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
— Біз қазірдің өзінде табиғи газды пайдаланудың жоғары тиімділігін көріп отырмыз. Домна пешінің өнімділігі артты, ең бастысы – кокстың шығыны айтарлықтай азайды. Сонымен қатар бұрын барлық домна пештерінде қолданылған мазутты толықтай тоқтаттық. 29 тамыздан бастап №2 домна пешінде мазут мүлдем пайдаланылмайды, — деп түсіндірді Qarmet компаниясының Болат департаментінің директоры Андрей Берг.
Табиғи газ бірінші табақша меиалл илемдеу цехының әдістемелік пештерінде де қолданыла бастады. Қазір төрт әдістемелік пештің үшеуі шамамен сағатына 10 мың текше метр газ тұтынып жұмыс істеп тұр.
Қыркүйек айының соңында №3 домна пешін табиғи газға қосу жоспарлануда. Ал №4 домна пешінде құбыр жүйесін орнату жұмыстары жүріп жатыр. Қазан айының басында барлық үш домна пеші табиғи газбен жұмыс істейтін болады.
Qarmet АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша