Қарағандылықтар мен қала қонақтары 6 қыркүйекте ауыл шаруашылығы мини-жәрмеңкелеріне шақырылады. Мұнда ауыл шаруашылығы өнімдерін, ет-сүт тағамдарын және жергілікті өндірушілердің тауарларын орташа нарықтық бағадан төмен құнмен сатып алуға болады.
Қолайлылық үшін жәрмеңкелер қаладағы үш аумақта ұйымдастырылады:
Оңтүстік-Шығыс – «Global City» ССО (134-ші есеп кварталы, 921-құрылыс);
Майқұдық – «Ұмай» сауда үйі (Карл Маркс көшесі, 9);
Пришахтинск – «Жастар» Мәдениет үйі (Металлисттер көшесі, 24/2-ст.).
Сауда сағат 09:00-де басталады.