Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған көрме мен концерт өтеді

Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған көрме мен концерт өтеді

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтпек. Осыған орай «Бейбітшілік бейнесі» атты көрме мен этномәдени бірлестіктердің өнерпаздары қатысатын «Әр ұлттың бір үні – Қазақстан» атты концерт ұйымдастырылады. Шара Қарағанды облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесе өткізіледі.

Көрмеде Қазақстандағы түрлі этнос өкілдерінің шығармашылық еңбектері қойылады. Ал концерт бағдарламасына домбыра күйлері мен халық әндері енгізілген.

Мерекелік іс-шара 5 қыркүйекте өтеді. Басталуы – сағат 11:00-де.

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының мекенжайы: Бухар-жырау даңғылы, 76.

Қазақстан халқы тілдері күні жыл сайын 5 қыркүйекте – қазақтың ұлы ағартушысы, ғалым, тіл жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының туған күні аталып өтеді. Бұл мереке – елімізде тұратын барлық этностардың мәдениеті мен тілдерінің алуан түрлілігіне деген құрметтің белгісі. Бүгінде Қарағанды облысында 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүруде.