Қарағанды облысында Кеншілер күніне орай мерекелік концерттер мен фестивальдер ұйымдастырылады.
Қарағанды
30 тамыз күні АYAU, Sadraddin, «Ирина Кайратовна» тобы және танымал әнші Zivert қатысатын үлкен концерт өтеді. Барлық қала тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік алаңына шақырады.
Көрермендердің концертті ыңғайлы көруі үшін сағат 14:00-ден бастап Бұқар жырау даңғылының бір бөлігі жабылады. Шектеу Нұркен Әбдіров даңғылымен қиылысынан бастап Назарбаев даңғылымен қиылысына дейінгі аралықты қамтиды.
Концерттік бағдарлама 22:00-ге дейін жалғасады. Одан кейін қала тұрғындары арнайы автобустармен үйлеріне қайта алады. Барлығы 80 автобус қатынайды. Оларға отырып Сұрыптау, Майқұдық, Михайловка, Федоровка, Пришахтинск, ЖБИ және Оңтүстік-Шығыс аудандарына баруға болады. Сұрыптау, Майқұдық, Федоровка және Оңтүстік-Шығысқа қатынайтын автобустар ОӘД алдындағы аялдамадан жүреді. Пришахтинск, Михайловка және ЖБИ бағытына автобустарға Кеншілер мәдениет сарайының алдынан мінуге болады. Осы аялдамадан Теміртау, Абай, Саран және Шахтинск қалаларына қосымша автобустар жөнелтіледі.
31 тамыз күні Орталық мәдениет және демалыс саябағында мерекелік бағдарлама күні бойы өтеді.
12:00-де саябақтың бас сахнасында «Гранд» ансамблі өнер көрсетеді. Одан кейін бірден «Әнім саған, Қарағанды!» вокалдық байқауы басталады.
13:10-да сахнада «Еркеше қос жұлдыз» фестивалі ашылады.
14:10-да мәдениет үйлерінің ұжымдары өнер көрсетеді.
15:10-да Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің музыканттары қала тұрғындары үшін өнерлерін ортаға салады.
16:10-да Astana Musical мемлекеттік театрының актрисасы Камила Оспан сахнаға шығады.
Одан кейін кеншілер мәдениет сарайының концерттік бағдарламасы ұсынылады.
Кеш 19:00-де басталатын «Қарағандының жастық шағы» ретроконцертімен аяқталады.
Қазақстанның 50 жылдығы саябағында 17:00-ден 19:00-ге дейін «Кеншілер – ел мақтанышы» концерті өтеді.
Сол уақытта «Жастар» мәдениет сарайының алдындағы алаңда «Кеншінің құрметі – кеншінің ерлігі» атты концерт болады.
Сұрыптау кентінің тұрғындарын теміржолшылар саябағына шақыр
ады. Мұнда 17:00-де «Тау-кеншілерінің еңбегі – елінің мерейі» атты концерттік бағдарлама басталады.
Шахтинск
31 тамыз күні 15:00-де әкімдік алдындағы алаңда мерекелік концерт өтеді.
Саран
Осы күні сағат 18:00-де «Сұңқар» стадионында салтанатты бағдарлама ұйымдастырылады.
Абай
31 тамыз күні сағат 18:00-де қалалық саябақ алаңында мерекелік концерт өтеді.
Серіктес қалаларда өтетін концерттерге қазақстандық эстрада жұлдыздары – Айқын Төлепберген, ALEМ және Мақпал Исабекова қатысад