Бұқар жырау ауданында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған жастар форумы өтті. Ол аудан және облыс басшылығымен тәжірибе алмасу, диалог алаңына айналды, сондай-ақ онда жас белсенділерге, кәсіпкерлер мен спортшыларға гранттар мен сыйлықтар табыс етілді.
Аудан әкімі Ерлан Құсайын форумның ашылуында өңірдің табысы мен дамуы жас ұрпақтың бастамашылығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.
Форум жұмысына жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Айсұлу Ерниязова да қатысты.
Аудан жастары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жастар кәсіпкерлігін, волонтерлік қызметті дамыту, сондай-ақ ауыл жастары үшін перспективаларды талқылады.
Биыл сегіз жас аудан әкімінің өз ісін ашу және дамыту гранттарына ие болды.
Жобалар арасында сүт өнімдері, ет жартылай фабрикаттары өндірісі, тігін ательесі, автомобильдерді сырлау цехы, шина құрастыру шеберханасы және тағы басқалары бар.
Олжас Нұркенов гранттың арқасында автокөліктерді сырлау цехын ашады.
– Аудан әкімінің гранты сырлау цехын іске қосуға және сервистік қызметтер спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл тек бизнес үшін ғана емес, тұрғындарымыздың қолайлылығы үшін де маңызды, – деп атап өтті Олжас.
Дәстүрлі түрде форумда аудан әкімінің «Жігер» жастар сыйлығы табыс етілді.
Биыл алты адам лауреат атанды.
Форумда педагогтар, еріктілер, спортшылар мен басқа да сала қызметкерлері Алғыс хаттармен атап өтілді.
Сонымен қатар, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының үздік өкілдері марапатталды..