Қарағанды ЭкоМұражайы ғарыш арқылы даланы зерттеу бойынша дәріс өткізбек

Қарағанды ЭкоМұражайы ғарыш арқылы даланы зерттеу бойынша дәріс өткізбек

Қарағандыдағы ЭкоМұражайда 28 тамыз сағат 18:30-да «Орбитадан суреттер: ғарыш даланы қалай зерттеуге көмектеседі» атты ғылыми-танымдық дәріс өтеді. Кіру тегін.

Дәрістің спикері — далалық эколог Ирина Григорьева.

Көрермендер дала экожүйесінің бірегейлігі туралы, сусарлардың табиғаттағы маңызы мен олардың экожүйедегі рөлі жөнінде тың мағлұмат алады. Сонымен қатар ғалымдардың жануарларды бақылауында ғарыштық технологиялардың қалай пайдаланылатыны түсіндіріліп, Қазақстаннан нақты мысалдар келтіріледі.

Дәріс бір сағатқа созылып, соңында ашық талқылау ұйымдастырылады.

Өтетін орны: ЭкоМұражай, Бұқар жырау даңғылы, 47 (Каскадты субұрқақтың сол жағында).