Балқаш қаласы тұрғындарының назарына!

Балқаш қаласы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Балқаш қаласы тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Халықпен кездесу 2025 жылғы 28 тамыз күні сағат 11:00-де Балқаш қаласындағы М. Хамзин атындағы Мәдениет сарайында өтеді.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-71036) 41935 телефоны бойынша қалдыруға немесе Balhash@akimat09.kz поштасына жіберуге болады.