Қарағандылықтар мен қала қонақтарын облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырады

Қарағандылықтар мен қала қонақтарын облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырады

Конституция күні мен Шахтёр күні мерекелеріне орай 30 тамызда Қарағандыда облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Сауда сағат 09:00-де басталады.

Жәрмеңкеде тұрғындарға ауыл шаруашылығы өнімдері, ет пен сүт тағамдары және жергілікті өндірушілердің тауарлары орташа нарықтық бағадан төмен құнмен ұсынылады.

Өтетін орны: «Global City» сауда-ойын-сауық орталығы (134-есептік квартал, 921-ғимарат).

Жәрмеңкеге № 5, 19, 31, 40, 56, 63, 66, 70, 146, 02 және 29 бағытындағы автобустар мен маршруттық таксилер қатынайды.