Карқаралы қаласында, облыстың өзге аймақтарындағыдай, турникке тартылу мен жерден кеуде көтеруден (сығым) ашық жарыстар — TARTYL FEST – 2025 өтті.
Додаға бес жас санаты бойынша 60-қа жуық спортшы қатысты.
— Тартылу — жастар арасында кең тараған әрі қолжетімді спорт түрі. Ережелері өте қарапайым, сондықтан мұндай жарыстарды жиі өткізу қажет. Бұл спортшыларға шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді. Ең үздіктерін біз облыстық және республикалық кезеңдерге іріктейтін боламыз, — деді жарыстың бас төрешісі Дәурен Сүлейменов.
15–35 жас санатында ерекше нәтиже көрсеткен Бақтілек Мейраш турникке 31 рет тартылып, өз категориясында үздік атанды.
Ал аға буын өкілдері — Ербол Емілжанов, Ерлан Өмірзақов және Мерхат Жұмаділов әрқайсысы 20-дан астам тартылу жасап, тамаша физикалық дайындықтарын көрсетті әрі жас қатысушыларға үлгі бола білді.
Жарысқа қатысушылардың барлығы — жас спортшылар да, ардагерлер де — турникте тартыру мен жерден қолды бүгіп-жазу жаттығуларында жоғары деңгейдегі дайындықтарын паш етті.
Әркім өз күшін, төзімділігін дәлелдеуге тырысты.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Карқаралы ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша