Қарағанды облысының экология департаментінің басшысы болып Бегәлі Сапаралыұлы Сапаралиев тағайындалды. Жаңа жетекшіні өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте таныстырды.
Бегәлі Сапаралиев мемлекеттік қызметте 2004 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол сот жүйесінде жұмыс істеп, әр жылдары Маңғыстау облысының әділет департаменттерінде түрлі басшылық лауазымдарды атқарған.
Сондай-ақ, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитетіне қарасты Өнеркәсіптік меншік басқармасын басқарды.
Кейін елордадағы Жеке сот орындаушылары республикалық палатасының аппаратын жетекшілік етті.
2019 жылдан жаңа тағайындауға дейін жеке құрылымдардың бірінде басшылық қызмет атқарды.