15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында Қарағанды облысының аумағында алдын ала жоспарланған жауынгерлік дайындық іс-шаралары аясында оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында бөлімшелер полигондарға аралас тәсілмен – теміржол, әуе және автокөлікпен марш жасайды. Әскери техниканың жүру бағыттары туралы ақпарат мүмкіндігінше алдын ала хабарланатын болады.
Аталған іс-шараларды өткізу мемлекеттік және жеке меншік құрылымдардың жұмысына, сондай-ақ азаматтардың күнделікті өміріне кері әсерін тигізбейді.
Әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.