Қарағандыда үздік тау-кен құтқарушылар анықталды

Қарағандыда үздік тау-кен құтқарушылар анықталды

Қарағанды қаласында Республикалық орталық штабтың кәсіби әскери-жедел-құтқару қызметтерінің Қарағанды филиалы ұйымдастырған жыл сайынғы тау-кен құтқару көпсайысының финалдық кезеңдері өткізілді. Полигонда бес команда сынға түсті — оның үшеуі Қарағандыдан, екеуі Шахтинск қаласынан.

Жарыс бағдарламасына командалық және жеке жарыстар енді. Командалар апат аймағын барлау, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, өрт сөндіру, сондай-ақ тау-кен құтқару эстафетасын орындады. 

Жекелей есепте үздік респираторлық құтқарушылар мен жедел автокөлік жүргізушілері анықталды.

— Тау-кен құтқару көпсайысы жыл сайын екі кезеңде өтеді, — деп хабарлады филиалдың бірінші орынбасары Геннадий Силинский. — Бірінші кезең маусым айында жеке отрядтар арасында өткізілсе, қазір командалар арасындағы финалдық сындар аяқталды.

«Барлау» кезеңінде құтқарушылар оқшауланған респиратор құралдарымен шартты апат аймағын тексеріп, моторез, гидравликалық апаттық-құтқару жабдықтары мен оттегі-тыныс алу аппаратын пайдалана отырып, «зардап шеккендерді» іздеп, эвакуациялады.

Өрт сөндіру кезінде командалар гидрант-пистолетті өрт сөндіргіш құбырға жалғап, су, ауа-механикалық көбік және ұнтақталған құрамдарды қолданды.

Тау-кен құтқару эстафетасында теориялық және практикалық тапсырмалар қамтылды: гір итеруден бастап, шығу қағазын толтыруға, ағаш кесуден бастап, автодөңгелекті ауыстыруға, жүк көтеру мен «зардап шеккенді» тасымалдауға дейінгі міндеттер орындалды. Жеке жарыста респираторшылар Р-30 респираторындағы ақауларды жойса, жүргізушілер полигонда ПАЗ автобусының жол қозғалысы ережелері мен жүргізу шеберлігін көрсетті.

— Барлық қатысушылардың міндеті — жеке де, командалық та есепте — кезеңдерді мүмкіндігінше тез әрі қателіктерсіз өту, — деп атап өтті Геннадий Силинский. — Жеңімпаздар кезеңдерді өту уақыты мен айып ұпайларының жиынтығы бойынша анықталды.

Жарыс нәтижесі бойынша командалық есепте бірінші орынды Шыңғыс Мамбеталиев басқарған бөлімше (Қарағанды) иеленді.

Екінші орынды Антон Чеботарёв командасы (Қарағанды), үшінші орынды Анатолий Воденников жетекшілік еткен бөлімше (Шахтинск) алды.

Жекелей есепте үздік тау-кен құтқарушы — Әсет Жақан, ал үздік жүргізуші — Игорь Шерстов атанды.