Қарағандыда ашық аспан астында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Қарағандыда ашық аспан астында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

12 тамыз күні Қарағанды қаласының Орталық саябағында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. Шара жұмыс іздеушілерге, тәжірибеден өтуге ниетті жастарға және жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысуға қызығушылық танытқандарға арналған. Бұл — үміткерлер үшін жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік.

Жәрмеңкеге келгендер түрлі ұйым өкілдерімен бетпе-бет тілдесіп, өзекті бос жұмыс орындарымен таныса алады. Сонымен қатар, ресми еңбек шартымен, тұрақты еңбекақымен және әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етілетін жұмыс орындары ұсынылады.

Бағдарлама аясында еңбек нарығы мамандарының шеберлік сабақтары мен кеңестері ұйымдастырылады. Қатысушылар «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімі», «Күміс жас» және «Алтын жас» секілді өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы толыққанды ақпарат ала алады. Сондай-ақ қоғамдық және әлеуметтік жұмыс түрлеріне қатысу шарттары түсіндіріледі.

Жәрмеңкеде ерекше назар студенттер мен жас түлектерге аударылады — олар үшін тәжірибеден өту мүмкіндіктері кеңінен ұсынылады.

Іс-шара сағат 16:00-де басталады. Жәрмеңке Жастар күніне орай және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізіледі.

Ұйымдастырушы — Қарағанды облыстық Еңбек мобильділігі орталығы.

Байланыс телефоны: 60-50-50, WhatsApp: 8-775-644-35-80.