Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылында әдеби аялдама ашылды

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылында әдеби аялдама ашылды

Бұқар жырау ауданына қарасты Көкпекті ауылында ұлы ойшыл әрі ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған әдеби аялдама орнатылды. Бұл тек қоғамдық көлік күтетін орын емес, заманауи мәдени-ағартушылық кеңістік саналады.

Аялдамада арнайы QR-код орнатылған. Оны сканерлеу арқылы Абайдың өлеңдерін оқуға, шығармаларының аудионұсқаларын тыңдауға, сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректермен танысуға болады.

Жобаның мақсаты — Абай мұрасын кеңінен насихаттап, жастардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Әдеби аялдама ауылдың инфрақұрылымын толықтырып қана қоймай, рухани-мәдени тәрбиенің маңызды бөлігіне айналды.

Бұқар жырау ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша