5000 жапсырма «Таза Қазақстан» – енді қарағандылықтардың машиналарында! Бүгін Қарағанды жастары қала көшелеріне экологиялық миссиямен шықты – жүргізушілерге «Таза Қазақстан» жапсырмаларын таратылды.
Жүргізушілер өз машиналарына жапсырма жапсырып, экоакцияны қолдады.
«Таза Қазақстан» – бұл жай ғана жазу емес, біздің қалаға, табиғатқа және болашаққа деген көзқарасымыздың символы. Қаладағы тазалық әркімнен басталады, ең бастысы – қоқыс тастамау әдетінен басталады.
"Қосылыңыз! Сенбілікке қатысып, айналаңыздағы тәртіпті сақтаңыз – мұның бәрі ортақ іске қосқан үлес. Қарағандыны бірге таза және жайлы етеміз!" – деп Қарағанды жастары тұрғындарды қала көшелерінде тазалықты сақтауға шақырды.
Қарағанды қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша