Қарағандыдағы «Террикон алқабында» қазақ және орыс тілдерінде воркшоп өтеді

Қарағандыдағы «Террикон алқабында» қазақ және орыс тілдерінде воркшоп өтеді

25 шілде күні сағат 18:00-де Қарағанды қаласындағы IT-хаб — «Террикон алқабында» жасанды интеллектке (ЖИ) арналған ашық форматтағы воркшоп өтеді. Іс-шара барысында ЖИ құралдарының күнделікті өмір мен кәсіби қызметтегі қолданысы кеңінен талқыланады. Қатысу — тегін, формат — офлайн және онлайн.

Кездесуді Қарағанды облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Воркшоп қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Спикерлер — «A-Бизнес Казахстан» компаниясының негізін қалаушы Тимур Дурмагамбетов орыс тілінде баяндама жасайды. Ол код жазбай-ақ қолдануға болатын танымал ЖИ құралдарын таныстырып, оларды жұмыс барысында және күнделікті өмірде тиімді пайдаланудың жолдарын түсіндіреді. Сонымен қатар, нақты қолдану кейстерімен бөлісіп, пайдалы ресурстар мен жаңадан бастағандарға арналған қауымдастықтар туралы айтады.

Ислам Искежанов, DataArt компаниясының Business Intelligence инженері дәрісін қазақ тілінде өткізеді. Тыңдаушылар ЖИ-дың қазіргі таңда қандай міндеттерді орындай алатынын, қай салаларда әлі де жетілдіруді қажет ететінін, сондай-ақ ЖИ-дың BI (бизнес-аналитика) процестеріне қалай енгізіліп жатқанын, деректер қауіпсіздігіне қалай әсер ететінін және болашақта BI-инженерлерін алмастыра ала ма деген сұрақтарға жауап ала алады.

Шара Қарағанды қаласы, Алалыкин көшесі, 12 мекенжайындағы «Террикон алқабы» IT-хабында өтеді. Формат: офлайн және онлайн. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it#iskezhanov25.07.

Шара жасанды интеллект құралдарын түсінгісі келетіндер мен оны өз ісінде қолдануды жоспарлап жүргендер үшін пайдалы болмақ.