Ауылға құйылған инвестиция: Қарағанды облысының Нұра ауданында қызыл кірпіш өндіріледі

Ауылға құйылған инвестиция: Қарағанды облысының Нұра ауданында қызыл кірпіш өндіріледі

Қарағанды облысында ауылдық жерлерде өңір мен елге өте қажетті қызыл кірпіш шығаратын өндіріс пайда болады. Зауыттың құрылысы Нұра ауданының Ахмет ауылында басталды. Жобаны іске асыру 80 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Жоба аудан басшылығы мен жұртшылықтың қатысуымен іске қосылды.

– Бұл жаңа кәсіпорынның құрылысы ғана емес, ауданның болашағына жасалған маңызды қадам. Бүгінгі таңда ауылдық елді мекендерге инвестиция тарту басым міндеттердің бірі болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар мен инвесторлардың бірлескен жұмысы ауылдарды дамытуға жаңа серпін береді, – деп атап өтті Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов.

Құны 1,5 млрд теңге болатын жобаны «Бірлік Нұра» ЖШС жүзеге асыруда. Кәсіпорынның мәліметінше, биыл құрылыс жұмыстарын аяқтау, қажетті жабдықтарды сатып алу және орнату жоспарланған. Ол келесі жылдың басында іске қосылады.

Жаңа кірпіш зауыты құрылыс материалдарына қажеттілікті қамтамасыз ете алады. 

Жобаның әлеуметтік маңызы да бар: ауылдық жерлерде қосымша тұрақты жұмыс орындары ашылады, салық түсімі артады.