Енді Қарағандыдан Жаңаарқа ауданына қайтадан тікелей жетуге болады. 18 шілдеден бастап Қарағанды – Атасу бағытындағы тұрақты автобус рейсі қайта іске қосылады.
Қарағанды автовокзалының мәліметінше, автобус Абай, Южный, Красная Поляна, Ақой, Бидайық және Ақтайлақ елді мекендері арқылы жүреді. Күн сайынғы жүру уақыты – кешкі сағат 18:00. Жол ұзақтығы – шамамен төрт сағат.
Билеттерді тек Қарағанды автовокзалының кассалары мен терминалдарынан ғана емес, сондай-ақ Теміртау, Топар, Шахан және Қарқаралы автостанцияларынан да сатып алуға болады.