Қарағандыда жастар арасында есірткінің таралуына жол бермеудің тиімді тәсілдері қарастырылды

Қарағандыда жастар арасында есірткінің таралуына жол бермеудің тиімді тәсілдері қарастырылды

Қарағандыдағы Жастар ресурстық орталығы нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздарымен кездесу ұйымдастырды. Іс-шара жастардың есірткінің зияны туралы ақпараттылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруды көздейді.

Кездесу барысында Қарағанды облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Нұрым Сәдуақасов баяндама оқып, қазіргі заманғы есірткі түрлерінің адам ағзасына әсері, олардың алдын алу жолдары мен жастар арасында таралуымен күрес тәсілдері туралы айтып берді. 

Сондай-ақ, ол есірткі қолданудың құқықтық салдарына да тоқталды.