Оңтүстік-Шығыс шағынауданында тұратын Қарағанды зейнеткерлері Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында уақытты тиімді әрі пайдалы өткізе алады. Орталық Тәттімбет көшесі, 709, 2-қабатта орналасқан (Қарағанды облысының Мемлекеттік және сервистік қызметтер көрсету орталығының ғимараты).
Зейнеткерлер үшін мұнда түрлі тегін үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылған. Барлық бағыттар аға буынның физикалық және зияткерлік белсенділігін арттыруға, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Орталықта қолжетімді қызметтер:
- «Сау омыртқа» фитнес бағдарламасы;
йога;
- жаттығу залы;
- фитнес-микс;
- тоғызқұмалақ;
- шахмат;
- үстел теннисі;
- би үйірмесі;
- домбыра сабағы;
- стретчинг (созылу жаттығулары);
- қолөнер;
- компьютерлік және мобильді сауат ашу курстары;
- қазақ және ағылшын тілдерін үйрену;
- мәдени-демалыс іс-шаралары.
Белсенді әрі мәнді өмір сүргісі келетін зейнеткерлер үшін бұл орталық – тамаша мүмкіндік.
Анықтама үшін телефон: (8-7212) 41-42-36.