14 шілдеден бастап Қазыбек би атындағы ауданның № 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы он жыл бұрын орналасқан Мұқанов көшесі, 5-үйде жұмыс істейтін болады. Ғимаратты ол мамандандырылған ХҚКО-мен бөлісетін болады, Қазіргі уақытта ол жерде жүргізуші куәлігін алуға емтихандар өткізіліп, жүргізуші куәліктері беріледі. Ал әзірге ХҚКО Шахтерлер даңғылы, 5/2 мекенжайында жұмыс істейді.
Бұл ретте қаланың қалған бес ХҚКО-ы тұрғындарға өздерінің бұрынғы мекен-жайлары бойынша қызмет көрсетуді жалғастырады:
- Қазыбек би ауданының № 1 ХҚКО – Тәттімбет көшесі, 709;
- Қазыбек би ауданының № 2 ХҚКО – Чкалов көшесі, 7;
- Әлихан Бөкейхан ауданының № 4 ХҚКО – Архитектурная көшесі, 8;
- Әлихан Бөкейхан ауданының № 5 ХҚКО – 21 шағын аудан, 6/7;
- Әлихан Бөкейхан ауданының № 6 ХҚКО – Серов көшесі, 73.
№ 5 ХҚКО азаматтарды кезекші кесте бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Қалған орталықтар жұмыс күндері сағат 09:00–18:00 аралығында жұмыс істейді.
Бұдан басқа, Қарағандыда мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді: Мұқанов көшесі, 5-үйде негізгі бөлім және Тәттімбет көшесі, 709-үйде сектор қызмет көрсетеді. Олар сондай-ақ кезекші кесте бойынша жұмыс істейді: жұмыс күндері – 09:00-ден 18:00-ге дейін, құжаттарды беру 20:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сенбі күні – азаматтарды қабылдау 09:00-ден 12:00-ге дейін, құжаттарды беру – 13:00-ге дейін.