Қарқаралыда жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионатта Қазақстан біріншілігіне қатысатын үздік теннисшілер анықталады

Қарқаралыда жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионатта Қазақстан біріншілігіне қатысатын үздік теннисшілер анықталады

Қарқаралыда үстел теннисінен 2012 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат басталды. 

Оған Қарағанды, Балқаш, Қарқаралы және Бұқар жырау аудандарынан 40-қа жуық спортшы қатысуда. Турнирде тамыз айында өтетін Қазақстан Республикасының біріншілігіне қатысу үшін үздік теннисшілер іріктеледі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев жас спортшыларға табыс пен жарқын жеңістер тіледі.

Үстел теннисінен спорт шеберлігіне кандидат, облыс құрамасының мүшесі Хамит Достахин жас спортшылармен ойын өткізді. 

Және ол ойыншыларды қолдайтынын және чемпионатты нағыз жанкүйер ретінде бақылайтынын айтты. Денсаулығына қарамастан Хамит Достахин спортпен белсенді айналысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.