Қарағанды облысының Саран қаласында, Байтам кентінің маңында Игілік би мазары орналасқан. Ол шамамен 1875–1880 жылдары тұрғызылған. Бұл өңірдегі қасиетті орындардың бірі. Уақыт өте келе құрылыс табиғи факторлардың әсерінен зардап шеккен. Қазір ескерткішті болашақ ұрпақ үшін сақтап қалу мақсатында қалыпқа келтіру жұмыстары басталды.
Жұмыстарды жүргізу кезіндегі міндетті талап – тарихи келбетті сақтау. Мазар күмбезі бар сегіз бұрыш пішіндес өңделмеген кірпіштен жасалған.
Ол 2000 жылы республикалық маңызы бар тарих және сәулет ескерткіші болып танылып, мемлекеттік қорғауға алынған. Құрылыстың авторлары мен құрылысшылары туралы мәліметтер сақталмаған.
Игілік би (Өтепов) – Қареке-Алтай болысының көрнекті қайраткері. XIX ғасырда білім беруді, көмір өнеркәсібін дамытуға және қазақ халқын әлеуметтік қолдауға үлес қосқан тұлға. Игілік бидің бейнесі Ғабит Мүсіреповтың «Оянған өлке» романында бейнеленген.