Қарағанды облысы әкімінің I Кубогына жас футболшылардан құралған он команда қатысты

Қарағанды облысы әкімінің I Кубогына жас футболшылардан құралған он команда қатысты

Қарағанды облысында футбол ең танымал спорт түрлерінің бірі. Онымен 40 мыңнан астам адам айналысады. Балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға баса назар аударылуда. Алғаш рет балалар мен жасөспірімдер арасында Қарағанды облысы әкімінің кубогы өтті.

Жарыс 2 шілдеде Теміртау қаласының «Металлург» стадионында басталды. Жеңіс үшін он команда күресуде. Футболшы балалар қалалар мен ауылдардан келді. Бұл турнир жас спортшылар үшін өзін көрсету және деңгейін көтеру мүмкіндігі.

Турнир төрт күн бойы өтеді. Жеңімпаздар 5 шілдеде марапатталады.

– Бізде футболды дамыту бойынша жоспар зор. Рейтингтер бойынша дәл осы спорт түрі бұқаралық сипаты бойынша бірінші орын алады. Биыл спорт кластері аясында «Шахтер» клубының футбол академиясының құрылысы басталуы тиіс. Теміртау, Саран және Балқаш қалаларында филиалдар ашу жоспарлануда. Осының барлығы біздің өңірде жас футболшыларды даярлау үшін база құруға бағытталған, – деп атап өтті дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев.

Соңғы үш жылда облыста бюджет қаражатына 161 футбол алаңы салынды. Жеке инвесторлардың арқасында үш жаңа жабық футбол аренасы пайда болды. Бұл спорт түрінен бүгінде өңірде жүзден астам әуесқой команда бар.

Балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бойынша міндеттер қойылды. Бұл селекциялық жүйені жақсарту үшін қажет.

Қарағандыда спорт кластері аясында футбол академиясының, УЕФА стандарттары бойынша заманауи стадионның, жыл бойы жаттығатын манеждің құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар, биыл «Шахтер» стадионы жаңғыртылады.