Қарағанды облысында ересектерге арналған тіл үйрену лагері ашылды

Қарағанды облысында ересектерге арналған тіл үйрену лагері ашылды

Қарағанды облысында тілдерді дамыту басқармасы тегін өткізетін тілдік курстардың үздік тыңдаушылары сөйлесу арқылы тәжірибе жинақтауға және қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлері туралы көбірек білуге мүмкіндік алды. Лагерьде тек ересектер ғана, оларды тілдік ортаға толық шому әдісі бойынша оқытады.

-  Тақырыптық сабақтар этномәдени шындық негізінде құрылған. Бес күн бойы тыңдаушылар ұлттық әдет-ғұрыптармен танысады - сырға салу, тұсау кесу, бесікке салу, қырықтан шығару. Бағдарламаға аспаздық шеберлік сабақтары да кіреді: халық рецепті бойынша қаймақты қалай дайындау керектігі, майды дұрыс араластыру, ет пісіру және тағы басқалар көрсетіледі. Сабақтар аудиторияда ғана емес, табиғатта, киіз үйде де өткізіледі, - деді Қарағанды тілдерді оқыту орталығының директоры Алмагүл Игенова.

Қарағандылық Ирина Власенко қазақ тілін меңгеруге бел буған.

-  Тіл - мәдениеттің негізі. Маған тілдік ортаға толықтай ену формат ұнады. Ұлттық тағамды ұнатамын, ән, биді ұнатамын, - деп бөлісті тыңдаушы.

Белгілі скрипкашы музыкант Людмила Пропищан да қазақ тілін жетілдіруде.

-  Жоба қажетті және пайдалы, - деп есептейді ол. - Біз тек қазақ тілінде сөйлесуге тырысамыз. Дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы айтамыз, күнделікті өмірде қажет болатын түрлі тақырыптарда көп әңгімелесеміз.

Сөздік қорын толықтыру үшін тыңдаушыларға әдістемелік құралдар таратылды. Оқыту барысында тренингтер, ойын түріндегі сабақтар қарастырылған.