Қарқаралыда II Геологиялық универсиада өтуде

Қарқаралыда II Геологиялық универсиада өтуде

Фото ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің сайтынан

Қарағанды облысында Қазақстанның жеті жетекші университеті мен бір колледждің 160-тан астам студенті жиналды. Қарқаралы полигонында «Сәтпаев» II Геологиялық универсиадасы өтуде. Болашақ мамандар өздерінің білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетеді.

Геологиялық универсиада тұңғыш қазақ академигі Қаныш Сәтпаевқа арналған. Ол ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті мен Satbayev University бастамасымен өткізіледі. Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Қарқаралы оқу-геологиялық полигонын ұсынды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, апта бойы қатысушылар құрылымдық геология, петрография, минералогия, палеонтология, геофизика және гидрогеология пәндерінен жарысқа түседі. Сондай-ақ дала жағдайында жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетеді.

Бағдарламаға конкурстық тапсырмалар, геологиялық түсіру бағыттары, шеберлік сабақтары, ғылыми кеңестер мен сарапшылардың дәрістері кіреді. Командалық өзара іс-қимылға және кәсіби бағдарлауға назар аударылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара геолог мамандығын дәріптеуге бағытталған.