Қарағандылық ескекшілер Тайландтан жеті медаль: үш алтын, үш күміс және бір қола алып келді. Байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионатында 15 елдің 300-ге жуық спортшысы бақ сынасты. Континенттік біріншілік 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтті.
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық екінші орынды иеленді. Оған қарағандылықтардың елеулі үлесі бар.
Алтын медальді Денис Кленин (к1, 1000 м) жеңіп алды. Дмитрий Холмогоров тұғырдың ең жоғарғы сатысына екі рет көтерілді (микс, 500 м; к2, 500 м).
Сонымен қатар, Кленин мен Холмогоров бірлесе екінші орынды (к4, 500 м) иеленді.
Вероника Трапезниковада екі күміс (к2, 500 м; к4, 500 м). Ульяна Иванова қола жүлдеге ие болды (с2, 500 м).
Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша.