«Аман қалу жолы»: Қарағандыда құтқарушылардың өңіраралық жарысы өтті

«Аман қалу жолы»: Қарағандыда құтқарушылардың өңіраралық жарысы өтті

Қарағандыда еліміздің түрлі облыстарынан келген құтқарушылар сайысқа түсті. Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің базасында «Аман қалу жолы» құтқару көпсайысы бойынша үш күндік турнир өтті. Додаға болашақ мамандар мен кәсіби құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Студенттер үшін техногендік ортадағы апаттық-құтқару жұмыстары, жергілікті жердегі іздестіру-құтқару операциялары және дене дайындығы бойынша қашықтықтар ұйымдастырылды. Мамандар суға батып бара жатқан адамды құтқару элементтерімен және күрделі дене жаттығуларымен жүзуден қосымша жарысты.

-  Күн сайын әр команда сегіз сағаттан жұмыс істеді. Кейбіреулер үшін бұл өте қиын болды. Әсіресе, Теміртаудағы Қызыл жартас сияқты күрделі жерлерде жұмыс істеу қиынға соқты. Бұл жерде қатысушылардан картаны дұрыс оқи білу және жергілікті жерді бағдарлай білу талап етілді, - дейді ҚЖПК ТЖ қорғау бөлімінің меңгерушісі Индира Рымбекова. - Бірақ барлығы тапсырмаларды орындап, өздерінің үздік нәтижелерін көрсетті.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда Қазақстан мен Ресей өкілдері азаматтық қорғау саласындағы білім беру бағдарламаларын дамыту әлеуетін талқылады.

Нәтижесінде алаң иелерінің командасы бірінші орынды иеленді. Кәсіби мамандар арасында Қарағанды облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының командасы ең мықты деп танылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.