Осы демалыс күндері, 14 және 15 маусымда қарағандылықтарды Орталық мәдениет және демалыс саябағында қызықты бағдарлама күтіп тұр.
Сенбі күні, 14 маусымда қала тұрғындары мен қонақтары келесі шараларға қатыса алады:
- сағат 10:00 – Донор күнін мерекелеуге. Іс-шарада қалай және кім қан доноры бола алатыны туралы ақпарат алуға болады. Саябақта тақырыптық фотоаймақтар орнатылып, құрметті донорлар алғыс хаттармен марапатталады. Сондай-ақ, бағдарламада мерекелік концерт;
- сағат 11:00 – қайың тоғайында иірімжіппен, жіппен және ілмекпен тоқуды ұнататындарды күтеді;
- сағат 12:00 – Сабантойға, ұлттық татар мерекесіне шақфрады;
- сағат 16:00 – демалыс күнінің концерттік бағдарламасы.
Жексенбі күні, 15 маусымда саябақта іс-шаралар таңертең басталады. Сағат 08:00 йога әуесқойларын шақырады. Түрлі жаттықтырушылармен сабақтар бірден екі жерде өтеді: «Шахтер» футбол клубына арналған монументтің оң жағында және қайың бағында – Сейфуллин атындағы театр ғимаратының артында.
Сағат 10:00 қарағандылықтар зумба-жаттығуға қатысады.
Сағат 12:00-де Орталық саябақта Әке күніне орай спорттық іс-шаралар басталады. Бағдарламада отбасылық эстафеталар мен жарыстар бар.
Сағат 14:00-де Әкеге арналған «Әке асқар тау» концерті басталады. Сахнадан әкелер туралы әсерлі композициялар орындалады.
Сағат 17:00 «Стрит Бит Қарағанды» көше мәдениеті фестиваліне қатысуға ниет білдірушілер шақырылады. Бағдарламада көше билері мен заманауи музыка бар.
Сағат 19:00 – дәстүрлі демалыс күнгі концерт.