14 маусымда «Алтын ғасыр» галереясында Қарағанды гуманитарлық колледжінің түлектері мен студенттерінің туындыларынан құралған көрме басталады. Экспозицияның мәні – өз кәсібімен өнерді саналы түрде таңдағандардың нағыз кәсіпқойларға айналғанын көрсету.
Көрмеге «Көркем еңбек» бөлімшесінің 3-ші және 4-ші курс студенттерінің жұмыстары қойылады. Картиналар түрлі техника мен жанрларда орындалған, бірақ олардың барлығы жас суретшілердің шеберлігін көрсетеді.
– Экспозиция үшін барлығы 33 жұмыс іріктеп алдық. Олардың 25-і композиция бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалды. Тағы үш туынды - 3-ші курстан 4-ші курсқа көшу кезіндегі емтихан жұмыстары. Бұл кенепте майлы бояумен салынған натюрморттар. Тағы бес жұмыс – «Әлем менің көзіммен» тақырыбындағы үшінші курс студенттерінің композициялары, – деді «Алтын ғасыр» галереясының жетекшісі Бибігүл Исполова.
Жас суретшілерді қолдауға ниет білдіргендер осы сенбі күні, 14 маусымда «Алтын ғасыр» галереясына шақырылады. Мекенжайы: Комиссаров көшесі, 35а. Кіру тегін.