«Іскерлік байланыстар» бағдарламасы кәсіпкерлерге Германияда тегін оқуға және шетелдік серіктестер табуға мүмкіндік береді. 10 маусым мен 31 шілде аралығында ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі саласында тағылымдамадан өтуге өтінімдер қабылданады.
«Іскерлік байланыстар» және Partnering in Business with Germany бағдарламалары аясында салалық топтар құрылады: «Ақылды ауыл шаруашылығы саласындағы экономикалық кооперация»; «Тамақ өнеркәсібі саласындағы экономикалық кооперация». Тағылымдама мерзімі: 2025 жылғы 22 қыркүйектен 9 қазанға дейін. Қатысушылар сондай-ақ Германиядағы бейінді көрмелерді тамашалай алады», – деп хабарлады Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы.
Өтінімді ӨКП кеңсесіне мына мекен-жай бойынша тапсыруға болады: Қарағанды қ., Тәттімбет к., 709, немесе электрондық пошта: karaganda@atameken.kz.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту бөліміне мына телефон бойынша кеңес алуға болады (8-7212) 50-64-18.