Темір-бетон өнімдері (ТБӨ) ауданының тұрғыны Назгүл Жолдасбекова өз үйінің терезесінен қираған жатақхананың орнында жиналып жатқан қоқыс үйіндідеріне қараудан шаршадым дейді. Ол осы аумақты қалыпқа келтіру туралы шешім қабылдаған — осылайша «Халық қатысатын бюджет» бойынша балалар алаңын орнату жобасы пайда болды. Алаң келесі жылы салынып болуы тиіс, ал әзірге бұл жерде учаске қоқыстан тазартылуда.
— Біз бұл мәселемен әкімдікке бірнеше рет жүгінгенбіз. Ақыры біздің өтінішімізге құлақ түрді. Біз де бәрі өркениетті болғанын қалаймыз, — дейді қарағандылық. — Мұндағы аумақ жақсы, орталықта орналасқан. Бұл шағын ауданда 50-ге жуық үй бар, балалар көп.
Бұрыннан тұрып келе жатқан тұрғындардың айтуынша, қоқыс шығаратын компаниялар ұзақ уақыт бойы олардың ауданын елемей келген. Тұрғындар өз бетінше қоқыстарын шығарып, аумақты тазалауға мәжбүр болған. Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі Досбол Күлекеевтің айтуынша, жақын арада коммуналдық қызметтер тұрғындармен қоқыс шығаруға келісімшарт жасай бастайды. Адамдар қызмет ақысын төлеуге дайын, тек үйлердің жанында қоқыс үйінділері пайда болмаса болғаны.
Әлихан Бөкейхан ауданында Курьяновка ауылы, Летняя, Трудовая, Линейный көшелері және 14-ші шағын аудан мекен-жайлары бойынша қоқыс рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды. Шығарылған қоқыстың жалпы көлемі 30 мың текше метрді құрады.
Жыл соңына дейін бұл санды 100 мыңға дейін жеткізу жоспарлануда. Қазір ТБӨ шағын ауданында жұмыстар жалғасуда.
— Тұрғындармен араласа отырып, біз жыл сайын тазартуды қажет ететін учаскелердің тізімін жасаймыз, — деп хабарлады Досбол Күлекеев. — Бұл қоқыс үйінділерінің барлығы жеке үйлерден күл, құрылыс және тұрмыстық қоқыс шығаратын тұрғындардың кінәсінен пайда болады.
Қазыбек би атындағы ауданда да осындай жұмыстар жүргізілуде. Бұл жерде белсенділер қоқыс тастайтын жерлерді хабарлап, бос жерлерге қоқыс тастап кететін көліктердің нөмірлерін тіркейді.
Үлкен Михайловка станциясында тұратын Алмагүл Жанкина 15 жылдан бері өз көшесінде тәртіптің сақталуын қадағалап келеді. Бұл учаске қоқыс шығарғаны үшін ақша төлегісі келмейтіндердің көзіне жиі түседі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бір де бір бейтаныс көлік оның назарынан тыс қалмайды.
— Мұндағы тұрғындар өте белсенді. Сондықтан бұл аумақ әрқашан таза. Адамдар тәртіп сақтайды және бізге немесе полицияға бірден хабарлайды, — деді Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары Дәулет Маханов.
Биыл экология департаменті ұсынған ғарыштық түсірілім деректерінің арқасында сегіз қоқыс үйіндісі анықталды. Олардың үшеуі жойылды, қалғандарында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Полициямен бірлесіп, заңсыз қоқыс тастағаны үшін 19 әкімшілік хаттама толтырылды. Экологиялық бақылау күшейтілді, тұрғындармен қалдықтарды бөлек жинау және дұрыс кәдеге жарату бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде Үлкен Михайловка станциясында, Федоров су қоймасының жанында, «Күнгей» ауданында және автомобиль жолдары бойында жиналған қоқыстар тазартылды.
Қарағандыда жаңа қоқыс тастайтын жерлерді нақты анықтау үшін аумаққа қайта ғарыштық түсіру жүргізу жоспарланған.