Қарағандылық акробаттар Болгариядағы Әлем кубогында қола жүлдеге ие болды

Қарағандылық акробаттар Болгариядағы Әлем кубогында қола жүлдеге ие болды

Қарағандылық спортшылар Даниель Диль мен Вадим Шуляр акробатикадан Әлем кубогында үшінші орын иеленді. Жарыс Болгарияда өтті.

Жарысқа әлемнің 20 елінен келген гимнасттар қатысты. Ең мықты қарсыластардың қатарында қарағандылық акробаттардың жаттықтырушысы Сергей Вертянкин АҚШ пен Әзірбайжан жұптарын атады.

– Біз АҚШ спортшыларымен алғаш рет кездестік. Қарсыластар өте лайықты, мықты. Олармен жарысуға болады. Біз олардың тәсілдерін зерттедік және болашақта оларды жеңуге тырысамыз, – дейді жаттықтырушы.

Қарсыластардың техникасын зерттеумен қатар, қарағандылықтарға өздерінің де қателіктерін түзетуге тура келеді. Сергей Вертянкиннің айтуынша, ол судьялар Даниель мен Вадим қате жібергені үшін баллдарын төмендеткен элементтер тізімін құрған.

– Біз ортаға салған бағдарлама бізде бірнеше жылдан бері келеді. Әрине, оны жаңа күрделі элементтермен, байланыстармен толықтырып, олардың орындалуын пысықтадық. Бірақ судьялар бәрібір кей жерлерге төмен балл қойды. Бұл спорт, ондай болады. Біз осының барлығын ескеріп, алдағы уақытта одан да жақсы өнер көрсету үшін қателіктер бойынша жұмыс жүргіземіз, – деп атап өтті жаттықтырушы.

Қазір қарағандылық акробаттарды спорттық жиындар күтіп тұр, ал 11 маусымда олар Бакуде өтетін Әлем кубогының келесі кезеңінде өнер көрсетеді.