Қарағандылық құтқарушы жекпе-жек бойынша әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қарағандылық құтқарушы жекпе-жек бойынша әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты Түркияның Бурса қаласында өтті. Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында Қарағанды облысы ТЖД қызметкері Мария Чеботарева өнер көрсетті. Спортшы жоғары дайындық деңгейін, жеңіске деген ерік-жігерін және жауынгерлік рухын көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.

Түркиядағы әлем біріншілігіне 32 елден 400 спортшы қатысты. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы үшінші орын иеленді. Бірінші орында Өзбекстан құрамасы, екінші орында – Ресей.

Мария Чеботарева «Жекпе-жек» түрінен бақ сынасып, қарсыластарын жеңді.

«Бұл біздің еліміз үшін де, төтенше жағдайлар министрлігі мен Қарағанды облысы үшін де үлкен жетістік және мақтаныш. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте жоғары нәтижелер көрсетіп, елдің халықаралық аренадағы беделін нығайтты», – деп атап өтті облыстың ТЖД.