Ермағанбет Бөлекпаев жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізді

Ермағанбет Бөлекпаев жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізді

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындардың жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Аймақ басшысына тұрғын үй, денсаулық сақтау және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша жүгінді.

Қабылдауға мемлекеттік құрылымдар мен облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

Федоровка ауданында тұратын тұрғын осы ауданда үйлерге қол жетімді жерде емхана салу туралы мәселені көтерді.

– Бізде аудан үлкен, ал медициналық көмекке қала орталығына жүгінуге тура келеді. Егде адамдар үшін жол жүру қиын, – деді Қарағанды тұрғыны.

Оған жоба бар деп жауап берілді. Бұл құрылыс мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі бойынша іске асырылады деп жоспарланып отыр.

Қабылдауға кәсіпкерлер де келді. Олар мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін тігін өндірісін ұйымдастырған. Оларға әлеуметтік кәсіпкерлерге қолдау көрсету, сондай-ақ «Кәсіпкер» аймақтық бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау шарттары түсіндірілді.

Облыс әкімі әрбір өтініш қолданыстағы заңнаманы ескере отырып қаралатынын атап өтті.