Қарағандыдағы «Алтын ғасыр» галереясында 12 жас суретші интерьерлік матадан жасалған арт-нысандар мен әйелдер киімдерін ұсынады.
«Терезеден подиумға дейін» – бұл дизайн, сән және бейнелеу өнерінің комбинациясы болып табылатын жаңа креативті жоба.
Жобаны жүзеге асырушылар – көркемөнер галереясы мен интерьерлік маталар салонының әкімшілігі.
– Бұл жобаның мәні портьерлік матаның терезелерді жабу мен безендіруге ғана емес, сонымен қатар шабыт көзі, қандай да бір шығармашылық жұмыстар жасауға қызмет ете алатынын көрсету. Суретшілер стандартты емес материалдарды пайдалана отырып, креативті, шығармашылық көзқарас танытулары тиіс, – дейді «Алтын ғасыр» галереясының жетекшісі Бибігүл Исполова.
Жобаға барлығы 12 қарағандылық жас суретші қатысады. Олардың әрқайсысы арт-нысанды – портьерлік матаны пайдалана отырып жасалған панно, мүсін немесе инсталляциясын ұсынуы тиіс. Сондай-ақ, әрбір қатысушы интерьерлік матадан жасалған сәнді бейненің скетчін және бейненің өзін дайындайды.
– Бұл жерде басты назар тігуге емес, идеяның өзіне аударылады. Бұл жерде бір-екі тігіс қана болады, қалғаны түйреуішпен қыстырылуы мүмкін. Ең бастысы – интерьерлік матаны подиумда пайдалану. Бұл сәнді киімді киген модельдер дефилеге қатысып, арт-нысан мен эскиздерге жақындайды. Бұл жерде панно, скетч пен көйлектің ортақ идеямен біріктірілуі маңызды, – деп түсіндірді Бибігүл Исполова.
Көрсетілім 31 мамырда сағат 16:00 «Алтын ғасыр» галереясында өтеді. Кіру тегін.