Тарихи жеңіс: Қарағанды облысының әйелдер күресінен құрама командасы алғаш рет жалпы есепте Қазақстан Кубогында бірінші болды.
Жарыс Астанада 26–29 мамыр аралығында өтті. Қарағандылық спортшылар бес медаль жеңіп алды, оның үшеуі алтын.
Қарағанды облысының құрама командасы 110 ұпаймен командалық есепте сенімді түрде көш бастады. Екінші орында Алматы (105 ұпай), үшінші орында Ақмола облысы (104 ұпай).
Алтын медальді Ирина Жәнібекова (53 кг), Зульфия Яхьярова (55 кг) және Эльмира Сыздықова (76 кг) иеленді. Ангелина Первухинада күміс (55 кг), Гүлдана Бекеште қола жүлде (62 кг).
– Біздің облысымыздан 13 спортшы болды. Нәтижесінде бесеуі үздіктер қатарына енді. Қарағандыда, үйімізде дайындалдық. Спаррингтерге де, жаттығу залдарына да көмектескен барлық жаттықтырушыларға алғысымды білдіремін. Жиындар жемісті өтті. Командалық тәсіл осындай нәтиже берді. Спортшылар – мықты, барлығы өте жақсы формада келді. Бұл жарыстар – қыркүйекте Хорватияда өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңдерінің бірі. Біздің қыздарымыздың оған бару мүмкіндігі бар, – дейді жаттықтырушы Владислав Сутормин.
Алда бір айдан кейін Түркияда халықаралық турнир өтеді. Одан кейін рейтингтік турнирлер өтеді, олардың нәтижесі бойынша әлем чемпионатына жолдамалар ойнатылады.