egov.kz порталында ашық диалог бөлімінде 30 мамырда сағат 10:00–17:00 аралығында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбековпен интернет-конференция өтеді.
Тақырыбы – «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру».
Спикерге сұрақ қою үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет.