Кедергісіз өмір: Қарағандыда ат жарысына 30-ға жуық ерекше спортшы қатысты

Кедергісіз өмір: Қарағандыда ат жарысына 30-ға жуық ерекше спортшы қатысты

Алғаш рет Паралимпиада ойындары мен арнайы Олимпиада бағдарламасы аясында ат спорты бойынша Қарағанды облысы әкімінің ашық кубогы өтті.

«TURAN-EL» спорт орталығының алаңында өткен жарыста тірек-қимыл аппараты бұзылған және ойлау қабілеті бұзылған 30-ға жуық шабандоз бақ сынасты. 

Оған Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарынан, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларынан спортшылар қатысты.

Бейімделген ат спортын дамыту Шығыс Қазақстан облысында басталды. Бұл қозғалысқа Қарағанды облысы да қосылды.

Жарыс халықаралық стандарттар бойынша ұйымдастырылып, қатысушыларға қауіпсіз және жайлы жағдай жасалды. Спортшылар паралимпиадалық ат жарысының элементтерін көрсетті. Арнайы Олимпиада бағдарламасының шабандоздары үшін бейімделген маршруттар әзірленді.

Өскеменнен келген қонақ Юлия Яковлева иппотерапияның пайдасын атап өтті. Ол «Ақ Тай» мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету қорында жұмыс істейді. Ат спорты шабандоздардың диагнозына қарамастан мүмкіндіктері шексіз екенін көрсетеді. Жылқымен барлық бұлшық еттердің белсенді жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Қарағанды облысында иппотерапия сабақтары тегін, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша өткізіледі.

– Біз тұрақты түрде иппотерапиямен айналысатын спортшыларды таңдадық. Бұл турнирде бес шабандоз біздің облысымыздың намысын қорғады. Нәтижесінде көшбасшылар арасында біздің спортшыларымыз бар екеніне қуаныштымыз, – дейді Қарағанды облысының иппотерапия жөніндегі нұсқаушысы және команданың жаттықтырушысы Амина Есина.

Жеңімпаздардың ұлттық құрамаға кіруге және одан әрі халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндігі бар.

Фото Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасынан