30 мамырда Қарағанды облысында Қазақстанның басқа өңірлеріндегідей «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді. Кез келген адам тегін заң кеңесін алып, мемлекеттік органдардың өкілдеріне тікелей жүгіне алады.
«Халық заңгері» ауқымды акциясын Қарағанды облысының әкімдігі, Әділет департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті өткізуде.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Қажетті кеңесті адвокаттардан, нотариустардан, прокурорлардан, тергеушілерден, сот орындаушыларынан, мемлекеттік органдардың басшыларынан және т. б. алуға болады.
Қарағандыда «Халық заңгері» акциясы сағат 17:00 «Таир» СОО, Қарағанды қ., Космонавттар к-сі, 1/29 мекенжайы бойынша өтеді. Кіру тегін.
Облыстың басқа қалалары мен аудандарында:
- Балқаш, Қараменде би көшесі, 15, «Ашық әкімдік»;
- Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 69/1, Мәдениет үйі;
- Теміртау қ., Чайковский к-сі, 2/1, Jastar орталығы;
- Шахтинск қ., Қазақстан к-сі, 101, Азаматтарды қабылдау орталығы;
- Приозерск қаласы, Пушкин көшесі, 7 үй, Приозерск әкімі аппаратының мәжіліс залы;
- Абай, ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл к-сі, 34 үй, «Юбилейный» концерт залы;
- Ақтоғай ауданы, Бөкейхан көшесі, 4, 1-қабат (зал);
- Бұқар жырау ауданы, Қазыбек би көшесі, 52в, Ботақара кентінің Мәдениет үйі;
- Қарқаралы, Т. Әубәкіров көшесі, 38, Ш.Жандарбекова атындағы Қарқаралы қаласының мәдени-демалыс орталығы;
- Нұра ауданы, Абай көшесі, 35, Нұра ауданының мәдениет үйі;
- Осакаров ауданы, Достық көшесі, 43, Мәдениет үйі;
- Шет ауданы, Жанғұтты би 39, Шет ауданының мәдениет үйі.
Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
Жүзеге асырылып келе жатқан жылдар аралығында «Халық заңгері» акциясы дәстүрге айналып, көптеген қазақстандықтар тарапынан қолдау тауып келеді. Ауқымы мен географиясы бойынша оның Қазақстанда ғана емес, әлемде де теңдесі жоқ.