Отбасылық жарыстар: Қарағанды облысында Балаларды қорғау күніне орай спорттық іс-шаралар өтуде

Отбасылық жарыстар: Қарағанды облысында Балаларды қорғау күніне орай спорттық іс-шаралар өтуде

Биыл Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеудің ортақ тұжырымдамасы әзірленді. Іс-шаралар 1 маусымға Қарағанды облысында осы күнге 10 күн қалғанда басталды.

Алғашқы спорттық шара «Әке, ана және мен» отбасылық жарысы болды. Жарыс республика бойынша бір күнде, бір сағатта, яғни 22 мамыр күні сағат 11.00-де өтті. 

Бұл біріншіліктер Қазақстанның барлық балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, соның ішінде Қарағанды өңірінде де ұйымдастырылды. 

– Біздің жарысқа бес отбасы – анасы, әкесі және баласы қатысты. Балалар – біздің тәрбиеленушілеріміз. Жарыс Kids Athletics бағдарламасы бойынша өткізілді,бұл қарапайым, көңілді әрі қызықты жарыс болды, – деді,  жеңіл атлетикадан облыстық олимпиадалық резервтегі мектеп басшысы Нұрлан Түсіпов.   

Жарыс қатысушыларына спорттық бәсекелестіктің осындай түрі ұнады, мұны Бекешевтер отбасы – Нұрлан, Жанна және олардың қызы Асыл растады.

– Бұрын осында менің жұбайым жеңіл атлетикамен айналысқан. Ал, қазір төрт жыл бойы қызымыз жаттығады. Біз спортқа берілгенбіз! Мысалы, мен күш түрлеріне құмар болдым. Қазір жұмыстан босамай жатырмын... Жарысқа қатысуды қызым ұсынды, біз оны қолдауға шешім қабылдадық, – деп, түсіндірді отбасы басшысы.

Біз Асылдан «Сен ата-анаңмен мақтанасың ба?» деп, сұрадық, ол: «Әрине!» – деп, жауап қатты. 

Бұл осындай іс-шаралардың басты мақсаты емес пе, бұған қатысқандардың бәрі жағымды сезімдерден басқа спорттық әрі тәтті сыйлықтарға да қол жеткізді.

Айтпақшы, 26 мамырда балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында тағы бір акция өтеді-бүкіл Қазақстанда спорт мектептері тәрбиеленушілерінің жалпы таңертеңгілік жаттығуы өтеді. 

Біздің аймақта оның саны 39, онда 28 мыңға жуық ұлдар мен қыздар тегін айналысады.