Бүгін Қарағандыда мемлекеттік қызметшілер арасында мерейтойлық, XXV облыстық спартакиада басталды.
Біріншілікке жергілікті атқарушы органдардың 200-ге жуық қызметкері-қалалар мен аудан әкімдіктерінің командалары, сондай-ақ аймақтық іріктеу кезеңдерінде спорт түрлері бойынша бірінші орын алған басқармалар қатысады.
Жарыс бағдарламасында: волейбол, шағын футбол, жүзу, үстел теннисі, қазақ күресі, шахмат, тоғызқұмалақ, арқан тарту, 3x3 баскетбол сияқты спорт түрлері бар.
— Салауатты өмір салты мен спорт Қазақстанда біріктіруші күш пен ұлттық идеяға айналды. Мемлекет саясатының стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорттық қозғалысты кеңейту болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы Спартакиада - бұл іске асырып жатқан міндетімізге қосатын нақты үлес. Себебі, мемлекеттік қызметкерлердің беделі жақсы дене шынықтырумен және салауатты өмір салтымен тығыз байланысты болуы тиіс, — деді, жарыстың ашылуында Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Есімханов.
Спартакиада қорытындысы бойынша өңіріміздің құрамасы құрылады.
Команда 10—17 маусым аралығында Өскеменде өтетін республикалық біріншілікке қатысатын болады.