29 мамыр сағат 17:00-де Қарағандыда IT және digital мамандарына арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Ізденушілерге әлеуеті зор қарағандылық компанияларда орындар ұсынылады.
Өткізу орны: «Террикон алқабы» ІТ-хабы. Мекен-жайы: Алалыкин көшесі, 12.
Жәрмеңкеге Wooppay, HOME KREDIT BANK, COWORKING CREATIVE, «Қазаэронавигация», Silk road electronic және басқа да компаниялардан барлығы 50 бос жұмыс орны ұсынылады.
Ізденушілерге қойылатын ең төменгі талаптар: 18 жастан жоғары және Junior немесе Middle стегінен IT саласындағы дағдылардың болуы.
Жәрмеңкеде тәжірибелі рекрутер жұмыс істейді, ол жас мамандарға түйіндеме жасауға көмектеседі және әңгімелесуден өту және жұмыс іздеу мәселелері бойынша кеңес береді.
Сондай-ақ, Kazakhtelecom, KolesaGroup, Tele2 және басқа да жетекші компаниялардың спикерлері баяндама оқиды.
Одан кейін спикерлермен және IT саласындағы мамандармен нетворкинг өтеді.