Қарағанды облысының Үштөбе ауылындағы алма бағында ағаштарды өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Зиянкестермен мамандар осылай күреседі.
Биыл өңір тұрғындары ағаштарды жұлдызқұрттар басып кеткеніне шағымданып жатыр. Олардан арнайы химикаттардың көмегімен құтылады. Ағаштарды өңдеуге Қарағанды шаруашылығының ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандары жауап береді. Алма бағының бір бөлігінде ағаштарға дәрі бүркілді.
– Барлығы 8 гектардағы ағаштарды өңдеу қажет. Жұмыстың бір бөлігі орындалды – біздің жұмысшылар ағаштарды жерден бүркіп отырды. Енді химикаттардың жаңа партиясын сатып алып, ағаштардың ұшын арнайы машинаның көмегімен бүркеміз, – дейді орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығының директоры Мақсат Мұқанов.
Оның айтуынша, ағаштарды өңдеуге пайдаланылатын заттар қауіпсіз. Олар өсімдіктерге зиян келтірмейді, тек паразиттерді жояды.
Айта кетейік, өткен жылы Қарағандының Орталық мәдениет және демалыс саябағында зиянкестер көп болған. Сол кезде ағаштарды дер кезінде өңдеудің арқасында олардан тез құтылу мүмкін болды.