Қарағандыда жазғы стритбол маусымы ашылады. Аула баскетболы лигасының бірінші туры 14 маусымда басталады. Қатысуға ниет білдірген барлық кәсіби емес командалар шақырылады.
Жоба туралы толық ақпаратты @basketball.krg. https://www.instagram.com/p/DJrF_z0TgjW/ парақшасынан білуге болады.
Қатысу үшін команда жинап, өтінім беру керек. Тіркелу келесі сілтеме бойынша қол жетімді: https://play.fiba3x3.com. Сұрақтармен +7-700-997-23-58 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Жарысқа қатысушыларды қызықты ойындар мен жаңа таныстықтар күтеді.
Қарағанды облысында баскетболмен 23 562 адам айналысады (ауылдық жерлерде – 5707). Статистика бойынша ол футбол, волейбол және футзалдан кейінгі төртінші орында тұр.
Биыл қаңтар айында 2012 жылы туған ойыншылар командасы Қазақстан чемпионатында үшінші орынды иеленді. Қарағандылық Жандос Әубәкіров ел біріншілігінің үздік ойыншысы атанды. Құрамада барлығы 12 жас спортшы болды.
– Соңғы жылы біз өте жақсы нәтиде көрсеттік. Өңірдің барлық жаттықтырушыларын біріктіріп, әрбір жас санатына өз тәлімгері бекітілген жүйе құра алдық. Мұндай жүйе жұмысты өнімді етеді және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, – дейді Қарағанды облысының баскетбол бойынша аға жаттықтырушысы Дастан Аяпбек.
Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша