Бір жарым мыңға жуық қарағандылық спорттық акробатикамен айналысады

Бір жарым мыңға жуық қарағандылық спорттық акробатикамен айналысады

Жақында Мәскеуде гимнастиканың осы өте әдемі түрінен халықаралық турнир өтті. Бұл жарыста біздің тамаша жас жұбымыз Байбакушева Дилара мен Жеңіс Диас сәтті өнер көрсетті. Дуэт алтын медаль жеңіп алды. Дарынды балалар тұғырдың жоғарғы сатысына көтеріліп, Ресей мен Беларуссияның ең мықты акробаттарын артта қалдырды.

Қола жүлделерді: әйелдер жұбы Софья Кардапольцева – Малика Манкенова, аралас жұптар Илларион Мацымоха және Алиса Котова, Радмила Антоненко және Денис Андриевский жеңіп алды. Бұл Қарағанды гимнастика мектебінің тамаша нәтижесі.

Ал, қазір біздің әйгілі, атақты, тәжірибелі дуэтіміз Даниэль Диль мен Вадим Шуляр әлемдік біріншіліктердің шыңын бағындырса, 

жас спортшылар халықаралық турнирлерге шығуда, 

кішкентай акробаттар атажұртында жарысуда. 

Гимнастикадан БЖСМ-де облыс чемпионаты өтті, оған 60 ұл мен қыз қатысты.  Жарыс ерлер, аралас, әйелдер жұптары мен топтар арасында өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының грамоталарымен және медальдарымен марапатталды. Бұл олардың әлемдік деңгейдегі медальдарға жасаған алғашқы қадамдары.