Қарағандылық оқушылар республикалық олимпиадада 14 медаль жеңіп алды

Қарағандылық оқушылар республикалық олимпиадада 14 медаль жеңіп алды

Қарағанды облысының командасы Астанада 7–8 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиадада 13 жүлделі орынға ие болды. Зияткерлердің қоржынында үш алтын, алты күміс және бес қола медаль бар.

Олимпиадаға облыс атынан 22 оқушы қатысып, оның 10-ы жаратылыстану-математика бағыты бойынша, ал 12-сі қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша сайысқа түсті.

Жалпы Қарағанды облысы жаратылыстану-математика бағыты бойынша екінші, қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша үшінші орынды иеленді.

Жеке есепте алтын алғандар:

- Адият Әуесхан (7-сынып, Н. Нұрмақов атындағы мектеп-лицей-интернат) – география;

- Асқар Ғабдолла (8-сынып, № 1 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты) – орыс тілі (қазақ тілінде оқытатын мектептерде);

- Алан Абдульдинов (7-сынып, № 1 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты) – Қазақстан тарихы.