Қарағандылықтарды флейтамен симфониялық кешке шақырады

Қарағандылықтарды флейтамен симфониялық кешке шақырады

Классикалық музыканы бағалаушыларды 31 мамырда сағат 17:00 «Аманат» партиясының залында Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің концертінде күтеді.

Бағдарламада – Батыс Еуропа және Қазақстан классикасының туындылары. Көрермендерге Йозеф Гайдннің № 100 соль мажор Симфониясы, Карл Рейникенің флейтамен оркестр үшін ре мажор концерті (283 шығ.) ұсынылады. Сондай-ақ қазақстандық композитор Алмаз Толықпаевтың флейта мен оркестрге арналған «Шабыт» пьесасы орындалады.

Дирижерлік пультте – халықаралық конкурстардың лауреаты композитор Әбілқайыр Сағымбаев.

Флейтада көптеген халықаралық музыкалық конкурстардың лауреаты, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің алғашқы флейташысы Ержан Қошанов солис ретінде өнер көрсетеді. Халықаралық флейта академиясы мен Халықаралық ағаш үрмелі аспаптар академиясының негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі. Оның жеке концерттері Швейцария, Лихтенштейн, Франция, Ресей, Швеция, Германия, Дания, Жапония, Норвегия, Финляндияда өтті.

Кештің жүргізушісі – Людмила Гольская.